9 қазан 2020 ж. Қазақстан – 11 қазанда атап өтілетін Халықаралық қыздар күні қарсаңында танымал қазақстандық әнші Қалия ЮНФПА-мен бірге қыздар мен әйелдерге арналған жаңартылған «Қыз тағдыры» - «Оның болашағы» жобасын қайта жүзеге асырды - https://the-steppe.com/kyz-tagdyry?l=kz
Әрбір қызға, бойжеткенге және әйелге арналған жоба денсаулық туралы, оның ішінде репродуктивті денсаулық және жасөспірімдердің құқықтары туралы ақпаратты қамтиды, сонымен қатар гендерлік теңдік және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алып оларға ден қою тақырыбында материалдар бар.
Жасөспірім қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтудегі жетістіктер қазіргі кездегі дәуірге сай үлгермей жатыр және пандемия осы саладағы көптеген қиындықтарды күшейтті. Осы жылы «Менің дауысым, біздің тең болашағымыз» тақырыбы аясында біз жасөспірім қыздардың өз елдерінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы арқылы өзгеріс енгізуге тырысып жатқанын көрсетуге мүмкіндік алдық.
Авторлардың айтуынша, 2017 жылы басталған «Қыз тағдыры» жобасын қайта бастау туралы шешім қабылданды, өйткені бұрын талқыланған мәселелер әлі күнге дейін өзекті болып табылады.
«Жаңалықтардан күн сайын жүктіліктен соң, туыстарынан аяғы ауыр екенін жасырып жүрген қыздың баласын тастап кеткені туралы оқимын. Тірі сәбиін тастап кетеді. Оның одан басқа амалы болмады — қалай сақтану керегін, жүктілікке дейін не кейін қайдан көмек сұрарын білмеді. Тіпті қол ұшын беретін адам болған күннің өзінде, ондай адам барынан бейхабар. Сондықтан бұл тақырыптар туралы сөйлесу өте маңызды, олар жасөспірімдер мен ата-аналар үшін көп нәрсені білдіреді. Сонымен қатар, қоғам әрдайым неге ұлдардангөрі қыздарды кінәлайды. Ер адамда жүктілікке жауапты екенін сезнуі тиіс, - дейді жобасының бастамашысы KALIYA. - Біз көзқарасымызды өзгертіп, қыздар мен ұлдарға тең қарым-қатынас жасау арқылы әйелдер мен қыздарға деген құрмет сезімін тәрбиелеуіміз керек. Тек тең қатынас шынайы теңдікке әкеледі.
Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік жатыр. Халыққа ақпарат жеткізіп, жол бастаушы болуымыз керек. Өйткені бізде мұндай мүмкіндік бар. Егер менің әнімді естіген жасөспірімдер, ата-аналар, айналадағылар бір сәтке болсын ойланып, осындай жаһандық әлеуметтік мәселе барын түсінсе, мендік мақсат орындалғаны. Мен бұл мәселені музыкада көтерсем, енді бірі — кинода, шығармада көтереді. Осылайша қоғамда сең қозғалады».
Репродуктивті денсаулық, әйелдердің мүмкіндіктері мен гендерлік теңдік өзара тығыз байланысты және қоғамның дамуы үшін маңызды.
Жақында ЮНФПА зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстандағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық қарым-қатынаста болғаны анықталды. Жыныстық қатынаста болғанын жасырмағандардың 14,8% жыныстық инфекция симптомдары бар екенін жеткізді. Дегенмен олардың 60% сол инфекцияны емдеу үшін медициналық көмек алуға бармаған. Ерте жыныстық қатынаста болғанын айтқан қыздардың 38% аборттар және түсік тастауларын мойындады.
Қазақстандағы 15-19 жастағы сексуалды-белсенді әйелдердің 71% ешқандай контрацепция құралдарын пайдаланбайды. Бұл жасөспірімдер арасында қалаусыз жүктілік пен босанудың жоғары деңгейіне әсер етеді - Қазақстанда бұл көптеген еуропалық елдермен салыстырғанда жоғары. Қазіргі қолжетімді контрацепция құралдары түсік түсіру санын азайтады. Жасанды түсік соңы өлімге не өмір бойы бала сүю бақытынан айырылуға апарып соғуы мүмкін.
«Әрбір жасөспірім ересек өмірге қауіпсіз және сәтті қадам басуға және барлық жасалып жатқан мүмкіндіктерді пайдалануға құқылы. Біздің әлеуметтік рөлдерімізді жыныстық сипаттамалар емес, қоғам мен мәдениет анықтайды, сондықтан оларды өзгертуге болады. Сондықтан жасөспірім қыздарға өзінің әлеуетін толық ашуға барлық мүмкіндіктер берілуі керек. Сондықтан «олардың болашағы» және «оның болашағы» маңызды», - деді Қазақстандағы ЮНФПА-ның өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстандағы елдік директоры Джулия Валезе – «Қыз Тағдыры» жобасы өз білімдерін кеңейтіп, әйелдер мен қыздарға тең жағдай жасау туралы пікірталастарға қатысқысы келетін барлық адамдар үшін ресурстық жоба болады деп сенеміз»
Қосымша ақпарат алу үшін Дина Тельтаеваға teltayeva@unfpa.org электрондық поштасы арқылы немесе 8701 7654010 телефоны арқылы байланысуға болады.