Go Back Go Back

Ақпарат пен кеңес беру, жастарға қолайлы жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау қызметтерін ұсыну үшін Жастар денсаулығы орталықтарына инвестициялаудың маңыздылығы

Ақпарат пен кеңес беру, жастарға қолайлы жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау қызметтерін ұсыну үшін Жастар денсаулығы орталықтарына инвестициялаудың маңыздылығы

Press Release

Ақпарат пен кеңес беру, жастарға қолайлы жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау қызметтерін ұсыну үшін Жастар денсаулығы орталықтарына инвестициялаудың маңыздылығы

calendar_today 20 Октябрь 2020

20 қазан  2020, Қарағанды, Қазақстан - Қазақстан Республикасының Президенті мен бірнеше министрліктердің басшылары жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына инвестициялаудың маңыздылығын мойындады және жастарға қамқорлық жасайтын қызметтерге қолдауды арттыруға міндеттенді. Бұл сондай-ақ 2019 жылдың қараша айында Найробиде өткен маңызды саммит кезінде расталды, Үкімет жаһандық аудиторияға Қазақстанның әр аймағындағы Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) қаржыландыруды жалғастыру туралы міндеттемесін растады, оның ішінде ақпарат пен кеңес беру, жастарға қолайлы жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау қызметтерін ұсыну да бар.

Осы бағдарламаны енгізу үшін ЮНФПА Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, жастарға ыңғайлы қызмет көрсету жүйесін құруда. Бұл жұмыс елдегі Жастар денсаулық орталықтарын тұрақты дамыту стратегиясын әзірлеуді; ЖДО мамандарының жұмысын реттейтін бірқатар хаттамаларды; жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру үшін веб-сайт пен мобильді қосымшаны қоса байланыс материалдары; жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығының кең таралған мәселелерін шешу жолдарын, сондай-ақ психологиялық және заңгерлік кеңестерді реттейтін клиникалық хаттамалар пакеттерін қамтиды. Сонымен қатар Жастар денсаулық орталықтары білім мен озық тәжірибені басқа ұйымдарға беретін «ресурстық» институттарға айналдыру мақсатында Орталықтарға қолдау көрсетіледі.

Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау мәселелерін кешенді шешу мақсатында 2009 жылы Қарағанды ​​қаласының №3 қалалық емханасының ішінде «Дос» жастар денсаулық орталығы құрылды.

Жастардың денсаулық орталығы - бұл жасөспірім кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты денсаулықты сақтау проблемаларына, қол жетімді, қайырымдылық, сенім принциптері бойынша кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсететін мекеме.

Бүгінгі күні Жастар денсаулығы орталығы жастардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады. Орталық қызмет еткен он жыл ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында бұл орталықтың қызметтеріне деген сұраныс өсіп отыр. Осылайша, орталық құрылғаннан бастап 200 мыңнан астам жасөспірімдер мен жастар кәсіби көмек ала алды.

«Жастар денсаулығы орталығындда міндетті түрде құпиялылықты сақтау әдісімен жастарға арналған қызметтерді ұсынады. Бұл кешенді емдеу-диагностикалық, кеңестік, профилактикалық, медициналық, әлеуметтік және оңалту көмегі. Қабылдауды білікті мамандар жүргізеді. «Дос» орталығы мамандары арасында сабақтастық бар, бұл емдеудің кешенді әдісін жүзеге асыруға және жасөспірімдер мен жастарға уақытылы кеңес беруде септігін тигізеді. Сондай ақ бұл жасөспірімдердің мамандарға деген сенімді көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі, - дейді Қарағанды ​​қаласының № 3 емхананың директоры Сәния Буранқұлова.

Социологиялық зерттеулердің көрсеткіштеріне сәйкес, Қазақстандағы 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бір бөлігі жыныстық белсенді, бірақ олардың 91%-ы АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті біліммен қамтамасыз етілмеген. 15–19 жастар аралығындағы жыныстық белсенді жастардың 14,8%-ы соңғы 12 айда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) белгілерінің кем дегенде біреуінің болғанын хабарлады. Алайда олардың көпшілігі (62,6%) медициналық мекемелерден медициналық көмекке жүгінбеген. Сонымен қатар, 2011–2018 жылдар аралығында Қазақстанда АИТВ-на шалдыққандар санының 106%-ға өсуі тіркелді. АИТВ-ның 62%-ы жыныстық жолмен берілетіні белгілі.

Қазіргі жастардың жеткіншек кезеңінен қаншалықты жақсы өткені тек олардың өмірін ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын айқындайды. Жеткіншектер мен жастардың денсаулығына, біліміне, құқықтары мен мүмкіндіктеріне инвестиция салу – бұл тұрақты болашаққа инвестиция. Алайда, жеткіншек кезең – бұл жастардың жаңа және бұрын таныс болмаған өмірлік жағдайлармен бетпе-бет келетін, балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңі. Олар денсаулықтарына және әл-ауқаттарына қауіп төндіретін жаңа өмірлік дағдылар мен тәжірибелерді тез үйренулері керек.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жастардың репродуктивті денсаулығы олар үшін арнайы жағдайлар жасалған кезде жақсы қамтамасыз етіледі. Жастар денсаулығы орталықтары – бұл қол жетімділік, ақ пейілділік және еріктілік қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңестер мен қызметтердің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Біз жасөспірімдерге өте қажет кеңестер мен көмек ала алатын орталықтарды қолдау арқылы біз жастардың дені сау және бақытты ересек болып өсуіне ықпал береміз», – деді Гаухар Абуова, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Халық қорының сексуалдық және репродуктивті денсаулық бағдарламасының қызметкері.

Болашақта Жастар денсаулығы орталықтарының тұрақты және дәйекті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ЖДО қызметтерін стандарттау бойынша қосымша жұмыс қажет болады. Жұмысқа барлық ЖДО-тар бойынша консультациялық-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандарттарын құру және оңтайландыру кіреді. Бұл стандарттар пациенттермен қарым-қатынасты басқарудан бастап, жастардың денсаулығы мен әл-ауқатының кең таралған қажеттіліктерін шешуге және Жастар денсаулық орталықтарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге дейінгі көптеген аспектілерді реттейтін болады.