Вы здесь

Vídeo

05/08/2020

Әйелдерге жасалатын зорлыққа қарсы кім және қалай күресуі керек?⁣

Қазақстандық әйелдер бизнеспен айналысып, үлкен ұжымды басқарып, сапалы білім алады, бірақ бәрібір физикалық және сексуалды зорлыққа ұшырайды. Бәрінен де жоғары білім алмаған немесе мүгедектігі бар адамдарға қиын.⁣

Елде әлі де ерте неке құру фактілері кездеседі. Ата-анасы тұрмысқа шығуға мәжбүрлейтін кәмелеттік жасқа толмаған қыздар қиын жағдайда қалады. Олар күйеуіне тәуелді болады, толық білім алмайды. Осыдан олар кедейлік пен зорлықтың алдында қорғансыз күйде қалады.⁣

Соңғы жылдары біз бұл мәселеге көбірек назар аудара бастадық, бірақ зорлықты түбегейлі жою үшін бұл жеткілікті ме? ⁣

Әйелдерге жасалатын зорлық туралы сұрақтарға әнші, гендерлік теңдік саласындағы белсенді Ақмаржан Көшербаева жауап береді.⁣ @kaliya_kz

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

05/08/2020

Неге Қазақстандағы әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады?

Қазақстандықтарға отбасы құндылықтары жат емес, бірақ елдегі некенің 40% ажырасумен аяқталады.
Бір қызығы, көбіне 60 және 70-жылдары туған азаматтар отбасынан кетіп, ажырасуға бел буады.

Қазақстандықтардың 85% астамы әйел мен еркек өзін некеде бақытсыз сезінсе, оларды ажырасудан ортадағы балалары да құтқара алмайды деп есептейді.

Неге қоғамда екіұшты стандарттар пайда болды? Қазақстандықтардың көптің алдындағы сөзі мен шынайы өмірдегі әрекеті екі түрлі деуге бола ма?

Отбасы мен ажырасу туралы маңызды сұрақтарды әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуоваға қойдық.

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

05/08/2020

Туу көрсеткіші мен кедейлік деңгейі артып келе жатқан тұста Қазақстан экономикасы қалай дамып жатыр?

2018 жылы кедейлік деңгейінің көрсеткіші 4,3% құраған. Елдегі кедей халықтың үштен бір бөлігі Түркістан облысында тұрады. Оның үстіне, COVID-19 пандемиясы кезінде миллиондаған қазақстандық жұмыссыз қалды. Бұл қазірдің өзінде халықтың табысы мен көңіл-күйіне әсер ете бастады. Осыған қарамастан, “Қазақстан халқының санын өсіру керек” дегенді жиі естиміз.

Қазақстан экономикасында қандай өзгерістер болып жатқаны, пандемиядан кейін мемлекет қандай шынайылыққа қадам басатыны туралы сұрақтарға экономист Айдархан Құсайынов жауап береді.

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

05/08/2020

Туу көрсеткіші жоғары кезде халықтың өмір сапасын қалай сақтап қалуға болады?⁣
⠀⁣
БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы халық саны 25 миллионға жетеді. Халық санының артуының бір себебі - ана мен бала өлімінің азаюы. Бұл көрсеткіштің қысқаруына қазақстандық әйелдердің босанарға дейін және одан кейін дәрігерлердің қабылдауында болып, тексеруден өтуі әсер еткен. Бірақ халық санының өсуі халықтың өмір сүру сапасының артқанын білдіре ме?⁣
⠀⁣
Одан бөлек, қазақстандықтардың 58,2% қалада тұрады. Біз “қалада жақсы өмірге қол жеткіземіз” деп, көп стресс аламыз.⁣
⠀⁣
Мұндай жағдайда отбасын қалай жоспарлаған дұрыс? Туу көрсеткішінің жоғары екенін айтқан кезде не туралы ойлануымыз керек?⁣
⠀⁣
Бұл сұраққа психотерапевт дәрігер Жібек Жолдасова жауап береді.⁣
⠀⁣
#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

05/08/2020

Еңбекке қабілетті халыққа түсетін жүктеменің артуы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?⁣
⠀⁣
Тәуелсіздіктің 30 жылында бізде туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығы артты, бұл әрине, жақсы.⁣
⠀⁣
Бұл өмір сапасының артқанын, ал ұзақ өмір достардың туған күнінде айтылатын кезекті тілектен де үлкен маңызға ие бола бастағанын көрсетеді.⁣
⠀⁣
Бірақ жұмыссыздық пен табыстың азаюы жұмыс істейтін азаматтар мен қиын кезде бәрі көмек күтетін мемлекеттің одан әрі тұралауына әкеп соқпай ма?⁣
⠀⁣
Бұл сұраққа қаржыгер Расул Рысмамбетов жауап береді⁣
⠀⁣
#БізҚазақстанбыз #WeKazakhstan #МыКазахстан

24/07/2020

Әлем халқының күніне орай, ЮНФПА қорымен бірге #БізҚазақстанбыз жобасының қазақша нұсқасын бастаймыз.

Алдағы 10 күнде әртүрлі сала сарапшылары: экономист, қаржыгер, әлеуметтанушы, гендерлік теңдік саласындағы белсенді және психотерапевт Қазақстанның бүгіні мен болашағы туралы маңызды сұрақтарға жауап береді:

- Туу көрсеткіші мен кедейлік деңгейі артқан шақта Қазақстан экономикасы қалай дамып жатыр?

- Туу көрсеткіші жоғары кезде қазақстандықтардың дамуына жақсы жағдай қалыптастыру үшін не істеу керек?

- Еңбекке жарамды халыққа түсетін жүктеме экономикаға қалай әсер етеді?

- Неге Қазақстандағы әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады?

 

Бізбен бірге болыңыздар!

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

24/07/2020

Казахстанки активно занимаются бизнесом, руководят большими командами, получают хорошее образование и все равно сталкиваются с физическим и сексуальным насилием. И труднее всего приходится тем, кто не смог получить высшее образование или имеет инвалидность.⁣⁣ ⁣⁣

В стране все еще встречаются и ранние браки. В незавидном положении оказываются несовершеннолетние девочки, которых родители заставляют надеть белую фату. Они сильно зависят от супруга, не имеют полного образования, что делает их уязвимыми перед бедностью и насилием.⁣⁣ ⁣⁣

Последние пару лет мы стали обращать больше внимания на все эти проблемы, но хватит ли этого для искоренения насилия? На вопросы о насилии над женщинами отвечает певица, активистка и спикер ЮНФПА в Казахстане Акмаржан Кушербаева.⁣⁣ ⁣⁣

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

20/07/2020

А вы знали, что показатель уровня бедности в 2018 году составил 4,3%? Около трети бедного населения страны проживает в Туркестанской области. Вдобавок ко всему COVID-19 оставил без работы миллионы казахстанцев, что уже сказывается на доходах людей. Как возрастающая численность населения будет влиять на эти процессы?

На вопрос, какие изменения уже происходят в экономике Казахстана и в какую реальность вступает страна после пандемии, отвечает экономист Айдархан Кусаинов.

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

20/07/2020

Казахстанцам не чужды семейные ценности, однако 40% браков в стране распадаются. Самое интересное, что поколения 60-х и 70-х годов рождения больше всех уходят из семьи или расстаются с партнером. Так, больше 85% казахстанцев считают, что если муж и жена несчастливы в браке, от развода их даже не спасут родные дети.

Почему в обществе происходит раздвоение стандартов? Можно ли говорить, что на публике казахстанцы говорят одно, а делают совсем другое?

Задали важные вопросы о семьях и разводах социологу Гульмире Илеуовой.

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

17/07/2020

Согласно прогнозам, к 2050 году в Казахстане будут проживать 25 миллионов человек. Одна из причин увеличения численности населения страны — снижение показателей материнской и младенческой смертности. Это произошло, потому что казахстанки поголовно до и после родов обследуются и обращаются к врачам. Но всегда ли рост численности означает рост качества жизни населения?⁣⁣ ⁣⁣

Помимо этого, 58,2% казахстанцев проживают в городах, где мы подвергаемся городскому стрессу, пытаясь найти лучшее место под солнцем.⁣⁣ ⁣⁣

Как в такой ситуации осознанно подходить к планированию семьи и о чем нам стоит задуматься сегодня, говоря о высокой рождаемости?⁣⁣

На вопрос отвечает врач-психотерапевт Жибек Жолдасова.⁣⁣ ⁣⁣⁣

#МыКазахстан #WeKazakhstan #БізҚазақстанбыз

Страницы